22 Ақпан, 2017

Әлемдегі көлік кептелісі көп болатын қалалар анықталды

398 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
GPS TomTom компаниясы әлем бойынша кешкі уақыттарда ең ұзақ кептеліс болатын қалалардың рейтингін жариялады, деп жазады CNN. Оған 48 мемлекет бойынша 390 қала қатысқан.  Аталған рейтингті жасау үшін GPS TomTom өндірушісі осы қалалардың барлығындағы жол трафигін бақылауға алған. 2017 жыл рейтингі бойынша кешкі уақытта ең көп кептеліс болатын қалалар тізімі:
  1. Бангкок, Тайланд;
  2. Мехико, Мексика;
  3. Бухарест, Румыния;
  4. Джакарта, Индонезия;
  5. Мәскеу, Ресей;
  6. Чунцин, Қытай;
  7. Ыстамбұл, Түркия;
  8. Санкт-Петербург, Ресей;
  9. Чжухай, Қытай;
  10. Сантьяго, Чили;
  11. Гуанчжоу, Қытай;
  12. Шицзячжуан, Қытай;
  13. Шэньчжэнь, Қытай;
  14. Лос-Анджелес, АҚШ;
  15. Бейжің, Қытай.
TomTom трафигінің бас сарапшысы Ник Конның айтуынша, жол кептелісіне әсер еткен факторлардың бірі - қалалардың экономикалық өсімі. Себебі бұл жағдайда халық көбінесе қала маңындағы ауылдар мен елді мекендерге көшіп, көлікпен қатынайтын болған. Мехико секілді кейбір қалаларда метро халық көп қоныстанған жерлерге бармайтыны да жол кептелісіне себеп болыпты. Аталған рейтингте Бангкок қаласы екі жыл қатарынан көш бастап тұр. Ал Ыстанбұл қаласы тізімде жылдан жылға төменге сырғып келеді. Оның себебін компанияның бас сарапшысы қала билігінің  жолдағы жағдай туралы жүргізушілерге  ақпарат беру мүмкіндіктерін қолға алғанымен түсіндіріпті.